Жуырда Түркістан қаласында МӘМС арқылы науқасқа күрделі ота жасалды. Отаның бұл түрі Түркістан қаласында орналасқан «Cardio-Turkestan» клиникасында жасалды. Сонымен, 1964 жылғы науқас жүрек тұсының ашытып, күйдіріп ауырсынуы, ауырсыну тиісті дәрі-дәрмекті қолданған соң ғана басылатынына және жалпы әлсіздік бойынша шағымданған болатын. Науқасты бұл ауру соңғы 6 айдан бері мазалап келген. Орталықта дәрігердің тексерулерінен кейін, науқасқа жүректің ибериялық ауруы диагнозы қойылып, коронаргорафия жасау ұсынылды. Науқас амбулаторлы тексерулерден өтіп болған соң, жоспарлы түрде кардиохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Коронаргафияда науқас жүрегінің 3 тамыры бітеліп тұрғаны анықталды. Мұндай жағдайда науқасқа аортокоронарлы шунттау отасы жасалады. Науқасқа 5 сағатқа созылған ота барысында жүректегі 3 тамыр тігілді. Отадан кейін науқастың жағдайы жақсарып, отбасымен қауышты. Аталмыш оталар Түркістан қаласында МӘМС және ТМККК пакеттері шеңберінде жасалады.
2023 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры стоматологиялық қызмет көрсету үшін стоматологиялық клиникалармен тікелей келісімшарттар жасай бастаған. Бұрын шарт емханалар арқылы жасалып келді. Яғни стоматологиялық көмек көрсету процесінде еш өзгеріс жоқ, пациенттер бұрынғыдай медициналық көмек алады. Тек келісімшартқа отыру әдісі яғни шарт жасасу жағы өзгерді. Бұған дейін стоматологиялық клиникалар өзара шартқа отыру арқылы қосалқы мердігер ретінде медициналық қызмет көрсетсе, 1 қаңтардан бастап Қор көрсетілген қызметтер көлемін бақылап, сапасына мониторинг жасау үшін тікелей осы клиникалармен шартқа отырды. Демек енді стоматологиялық клиникалар өздерінің қанша қызмет көрсеткенін және Қормен келісімшарт бойынша қанша қызмет көрсететінін өз бетінше қадағалап отыру керек. Бұрын бұнымен артылған жүктемеге қарамастан пациенттің тіркелген емханасы айналысып келді. Салдарынан пациент алмаған медициналық қызметті алды деп жазатын жағдайлар кездеседі. Қор сарапшылары бұны мониторинг жасаған кезде медициналық құжаттардан анықтады.
Осы орайда Түркістан облысы Келес ауданында жеке кәсіпкерлер жиналып 5 медициналық орталық салуды қолға алды. Түркістан облысының Келес ауданында 2022-2025 жылдары жалпы құны 44,3 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба іске асырып, 1 175 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Солардың бірі – «Нұрболат» өндірістік кооперативі. Мұнда жалпы жоба құны 3,0 млрд. теңгені құрайтын «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы жүргізілуде. Аталған медициналық орталықтар Абай ауылының екі аумағында, Біртілек, Ошақты және Ұшқын ауылдық округтерінде бой көтермек. Бүгінде Абай ауылы Қонаев көшесінің бойындағы «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы аяқталып, іске қосылды. Сонымен қатар аудан орталығында 5 блоктан тұратын орталық аурухананың құрылысы қарқын алған. Жоба толық іске асырылған соң 200 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Келес ауданында өнеркәсіпті дамыту мақсатында бірқатар жобалар қолға алынған. Атап айтқанда «Эмир-Дэмир» ЖШС Біртілек ауылдық округі аумағынан жалпы құны 300,0 млн. теңгені құрайтын 30 гектар иновациялық жылыжай кешенінің құрылысын жүргізуді жоспарлауда. Аталған жоба шеңберінде 75 адам тұрақты жұмспен қамтылады. Жобаның іске асу мерзімі 2024-2025 жылдарға енгізіліп отыр. «Умитай» шаруа қожалығы Қошқарата ауылдық округінде жалпы құны 450,0 млн.теңгені құрайтын 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы және ет өнімдерін өңдіру цехының құрылысын бастамақ. Тағы бір кәсіпкерлер Абай ауылы аумағынан жалпы құны 200,0 млн.теңгені құрайтын қонақ үй кешенін салу бастамасын көтерді. Жобаны 2024 жылы іске қосып, 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды көздеп отыр.