Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар қызылша инфекциясымен күресте оң динамикаға әкелді.
Қаңтардың соңғы үш аптасында аурудың төмендеуі байқалады.
Сонымен, қаңтар айында сырқаттанушылық өткен жылғы желтоқсанның ұқсас кезеңімен салыстырғанда ел бойынша 8%-ға төмендеді.
Қосымша жаппай иммундау шеңберінде 6-10 айлық балалардың 70%-дан астамы, сондай-ақ 2-4 жас аралығындағы балалар егілді, яғни миллионнан астам халық вакцинацияланды.
1 жастағы балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялаумен қамту 100,7%-ға дейін, ал 6 жастағы балаларды ДДҰ ұсынған 95,5%-дан кем емес деңгей кезінде 99,6%-ға жетті.
27 мыңнан астам бұрын егілмеген байланыста болған адамдардың ошақтарында шұғыл вакцинациялау жүргізілді.
Бұрын вакцинациялауды өткізіп алған 18 жасқа дейінгі 178 мыңнан астам бала егілді.
Жалпы, халықты жоспарлы вакцинациялаумен, қосымша жаппай иммундаумен, репродуктивті R санымен, сондай-ақ тіркелген жағдайлардың санымен қамту көрсеткіштері бойынша елдегі қызылша бойынша жағдайдың тұрақтанғанын атап өтуге болады.
Бүгінгі таңда қызылшамен ауыратын балаларды емдеуге жатқызудың оң үрдісі байқалады.
Сонымен, 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда емдеуге жатқызу деңгейінің 25%-ға төмендеуі байқалады. Төсек қорының орташа қамтылуы ел бойынша 52%-ды құрайды.
Астана қаласында, Ақмола, Павлодар және Жамбыл облыстарында төсек-орынмен қамтудың орташа деңгейінен жоғары деңгейде сақталуда.
Министрлік барлық жағдайы ауыр балаларға мониторинг жүргізеді, қажет болған жағдайда республикалық деңгейдегі түрлі бейіндегі мамандарды тарта отырып, телемедициналық консультация өткізеді.
Сонымен қатар, біз ата-аналардың назарын балаларда қызылшаға қарсы екпелердің болуына аударамыз. Вакцинациялау болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда екпе алу жөнінде шаралар қабылдауды ұсынамыз. Егер аурудың белгілері пайда болса, асқынуларды болдырмау және басқаларға жұқтырмау үшін уақтылы медициналық көмекке жүгіну қажет.
Егу және аурудың алдын алу немесе аурудың ағымын жеңілдету қызылшаның ауыр түрімен ауыру қаупінен гөрі оңайырақ.Қызылша – кең таралған жіті инфекциялық ауру. Көбінесе онымен балалар ауырады. Дене қызуы 38—40°C дейін көтеріледі. Мұрын, көз, тамақ қабыну, теріде бөртпе пайда болу белгілерімен сипатталады. Қызылша- бүгінгі күні ең жұқпалы аурулардың бірі. Бұл инфекцияға шалдыққыштық 100% – ол дегеніміз, егер бұрын қызылшамен ауырмаған және егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары. Сол үшін де екпе мерзімін қатаң сақтау және инфекция ошағында эпидемияға қарсы шаралар жүргізу өте маңызды.
Аурудың өрбу кезінде анықтау қиындық туғызбайды. Теріде қызылша бөртпелері шықпай тұрғанда, науқастың қызылшамен ауырған ортада болуы, тамағындағы қабыну, көздің қызаруы, ұртта Бельский-Филатов-Коплик ақшыл бөртпелердің пайда болуы диагнозды растайды. Кейін теріде үш күнде біртіндеп шыққан бөртпелер диагнозды толық дәлелдейді Инкубациялық кезең – жұқтырғаннан бастап алғашқы белгілері байқалғанша, 7-ден 14 күнге дейін. Есте сақтау керек: ауру бөртпе пайда болып басталмайды, суық тию белгілері сияқты басталады-дене қызуы 38-40 градусқа көтерілу, әлсіздік, тәбет тартпау, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу. Соңынан коньюктивит-көзі қызарып қабыну пайда болады. Алғашқы белгілері байқалып, шамамен 2-4 күннен кейін ауыз қуысында ақыл тістеріне қарсы ұсақ ақшылдау бөртпелер пайда болады. 3-5 күні бөртпелер айқын дақ түрінде қаптап, көбейіп кетеді. Құлақтың түбінен, маңдайдан бастап, ары қарай бүкіл денесін жауып кетеді. Ұсақ қызғылт дақтар үлкейіп, бір-бірімен қосылып, формасы өзгереді. Бөртпе пайда болып, 2-3 күннен кейін дақтар өршіп тұрған кезде дене қызуы тағы да көтеріліп, 40,5 градусқа жетуі мүмкін. Бөртпе 4-7 күн тұрады. Олар жоғалған соң, орнында қоңырлау дақтар қалады, екі аптадан соң тері тазарады.