Қызылша – ауа тамшылы жолмен тез тарайды. Қызылшаға екпе алмаған адам науқаспен қысқа уақытта байланыста болса да жұқтыру қаупі өте жоғары. Бұл вирус ауа арқылы тез таралуына байланысты, науқас адаммен тікелей байланыста болмасаңыз да, инфекцияны жұқтыру науқаспен бір бөлмеде аз уақытта болудың өзі жеткілікті.
Қызылша 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Қызылшаға қарсы екпе алмаған ересектерде жұқтыру қаупі жоғары және ауру балаларға қарағанда ауыр түрде өтеді. Көктемгі-қысқы кезеңде аурудың өршуі байқалады. Аурудан соң, қанда қызылшаға қарсы антиденелер түзіліп, тұрақты иммунитет сақталады.
1 жасқа дейінгі нәрестелер іс жүзінде қызылшамен ауырмайды, өйткені анасынан алынған антиденелер олардың қанында қалады, бірақ жыл өткен сайын олардың саны азаяды, сәйкесінше вакцинациясыз аурудың даму қаупі артады. Сондықтан аналардың да уақытылы вакцина алғандығы маңызды. Жүкті әйел жұқтырған кезде вирус плацента арқылы ұрыққа және туа біткен қызылшаның дамуына әкелуі мүмкін.Жетісай ауданында қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы және ауруды төмендету бойынша алдын-алу шаралары қолға алынған.
Жиынның мақсаты – аудандағы қызылша ауруының өршуіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, дер кезінде шаралар қабылдау. Балалар арасында кездесетін бұл ауру, бүгінде ересектер арасында да жиі кездесуде. Науқастардың басым бөлігі сырқатқа қарсы дер кезінде екпе салдырмағандар.
2023 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін Жетісай ауданында қызылша ауруын жұқтырудың 301 жағдайы тіркелген. Бүгінгі таңда қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты ауданда жаппай иммундау, яғни екпе алу науқаны жүріп жатыр. Соңғы мәлімет бойынша екпе алғандар саны – 7219. Ал қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізуге жоспарланған балалар саны- 8682.
Денсаулық сақтау саласының мамандарының мәліметінше қызылшаға қарсы алынған вакцина 9250 дозаны құрайды.
Жетісай аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасы аудан тұрғындарына өз балаларына қосымша жаппай иммунизация жасатуды ұсынады. Халық арасында кызылшаның алдын алу үшін әр медициналық ұйымда егу бөлмесі бөлініп, жабдықталған. Иммундау тұратын мекен-жайлары бойынша жүргізіледі. Жиында аудан емханаларында вакцинаның жеткілікті қоры бар екендігі, балалардың денсаулығын қатерге тікпей, уақытылы вакцина қабылдаудың қоғамға маңыздылығы жөнінде түсініктеме берілді.
Қызылшаның алдын алу және инфекцияны әкелмеу үшін жақын және алыс шетелдерге, олимпиадаларға, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларға, қызылшамен ауырмаған, вакцина алмаған, сондай-ақ бір рет қана егілген адамдарға кетер алдында екпе алуды ұсынамыз. Вакцинация және аурудың алдын алу шаралары аурудың ағымын жеңілдетіп оның ауыр түрінен қорғайды.