basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазақстан авиациялық қауіпсіздік көрсеткіші бойынша үздік 20 елдің қатарына енді

20 октября, 2026
in Қоғам
0
Қазақстан авиациялық қауіпсіздік көрсеткіші бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан авиациялық қауіпсіздік талаптарын орындау деңгейі бойынша әлемдегі үздік 20 мемлекеттің қатарынан көрінді. Елдің көрсеткіші 95,7%-ға жетіп, Орталық Азияда бірінші орынға шықты.

Бұл туралы Астанада алғаш рет ұйымдастырылған Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік апталығында мәлім болды.

ИКАО халықаралық азаматтық авиация стандарттарын әзірлеп, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады. Қазіргі уақытта ұйымға 193 мемлекет мүше. Қазақстан оған 1992 жылы қосылған.

Ұйымның Бас хатшысы Хуан Карлос Саласардың айтуынша, Қазақстан биыл ИКАО Кеңесінің құрамына сайлануға ниетті. Оның сөзінше, биылғы Ассамблеяда Кеңеске төрт жаңа мүше сайланады.

Ол Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік талаптарын орындау деңгейі жоғары екенін атап өтті. Халықаралық стандарттарды сақтау еліміздің өңірлік жүк және жолаушылар тасымалы хабына айналуына жол ашады.

Сондай-ақ Хуан Карлос Саласар білікті мамандар даярлаудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, авиациялық қауіпсіздік қызметкерлердің білімі мен кәсіби дайындығына тікелей байланысты.

Халықаралық апталық авиациялық қауіпсіздік пен киберқауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне арналған. Іс-шараға оннан астам елдің авиация өкілдері мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысуда.

ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қазақстанның ИКАО стандарттары мен ұсынымдарын ұстанатынын айтты. Қазіргі уақытта ұйыммен бірлесіп, 2050 жылға дейінгі азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі бас жоспар әзірленіп жатыр.

Министрдің мәліметінше, халықаралық әуе қатынасы да кеңейіп келеді. Қытай және Түркиямен рейстер саны екі есе артқан. Қазақстан ашық аспан саясатын жалғастырып, халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға дайын.

Жиында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты қауіптер, кибершабуылдардың көбеюі және ұшқышсыз ұшу аппараттарының таралуы да талқылануда.

Хуан Карлос Саласар жасанды интеллект деректерді талдап, жедел шешім қабылдауға көмектесетінін, алайда авиациялық қауіпсіздікке жаңа қатерлер де тудыруы мүмкін екенін айтты.

Оның пікірінше, алдағы уақытта бұл технология жолаушыларды, жүктер мен багажды тексеру тиімділігін арттырып, қауіпсіздік мамандарының жұмысын жеңілдетеді.

Авиациялық қауіпсіздік апталығы 2001 жылдан бері әлемнің түрлі елдерінде өткізіліп келеді. Биыл Қазақстан бұл халықаралық іс-шараны алғаш рет қабылдады.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ИКАО-ның Ғаламдық елшілер бағдарламасы аясында елші болып тағайындалған

Previous Post

Астана әуежайында биометриялық тексеру жүйесі сынақтан өткізіледі

Next Post

Қазақстан ауыл шаруашылығында цифрлық технологиялар кеңінен енгізіліп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі