basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент: Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысушы шәкіртақымен кәсібін дамытты

Мамыр 3, 2021
in Қоғам
0
Шымкент: Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысушы шәкіртақымен кәсібін дамытты
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алёна Адилбекова «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіптік-техникалық мамандарды даярлайтын қысқа мерзімді оқыту курсынан өткен. Алдымен Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз мәртебесімен тіркеліп, 3 айлық «Тырнақ әрлеу шебері (маникюр)» мамандығы бойынша білім алады. 1 ай теория, 2 ай тәжірибе жинаған жас маманға тегін білім беріліп, ай сайын 17 мың теңгеге жуық шәкіртақы төленген.

– Қазіргі таңда қыз-келіншектердің арасында маникюр қызметі үлкен сұранысқа ие. Бұл іспен айналысу өзіме қатты ұнайды. Қысқа мерзімді курс арқылы «Территория профессоналов» студиясында шеберлікті меңгеріп, қолыма куәлік алдым. Оған қоса осы студияда тұрақты жұмысқа орналастым. Шәкіртақыға керекті құрал-саймандарды сатып алып, өз ісімді дамытуыма зор қолдау таптым, – дейді Алёна Адилбекова.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – азаматтардың қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай жұмысшы мамандығына даярлау, өз мамандығы бойынша жұмыс таппай жүргендерді қайта оқытып, кәсіптік біліктілігін көтеру. Бүгінде қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз азаматтар үшін дизайнер, кондитер, тігінші, автоэлектрик,тас қалаушы, кран машинисті,визажист,шаштараз шебері,аспаз сынды 30- дан аса мамандықтар тізбесі бекітілген. Оқу мерзімі – 3 ай, 2 ай тәжірибе. Аптасына 6 күн, күніне 6 сағат оқиды. Ай сайын шәкіртақы төленіп отырады. Оқу курстары топтардың жинақталуына қарай жүзеге асырылады.

Оқуға қатысуға үміткерлер қалалық жұмыспен қамту орталығына келіп, тиісті Заңнамаға сәйкес төмендегі құжаттарды тапсырулары қажет:

1.Жеке басын куәландыратын құжат;

  1. Еңбек кітапшасы (болған жағдайда);

3.Білім туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом, сертификат) көшірмелері;

4.№907 бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының №086-У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмелері қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылданғаннан кейін қосымша ұсынылады (көшірме).

  1. 20 сандық банк шоты (Jusan Bank)

Шымкентте биыл бағдарлама бойынша 2500 адамды оқыту жоспарлануда. Былтыр қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2000 адам жолданып, 1990 азамат оқуын тәмамдаған соң куәліктерін алған.Нәтижесінде, 1590 адам жұмыспен қамтылды.

Tags: 3 мегаполисбизнесбизнестің жол картасыкәсіпшымкент
Previous Post

Шымкенттік шаруалардың өнімдері Еліміздің шет аймақтарына да шығарылуда

Next Post

Шымкент: Өнеркәсіп өнімінің көлемі өсуде

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі