basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте 122 отбасыға тұрғын үй сертификаттары берілген

Мамыр 23, 2021
in Билік
0
Шымкентте 122 отбасыға тұрғын үй сертификаттары берілген
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тұрғын үй сертификатын алуға Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар қатыса алады.

Тұрғын үй сертификатына қажетті құжаттар тізіміне нысан бойынша өтініш, өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке  басын куәландыратын құжат, соңғы 6 ай ішіндегі еңбек және кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама, жұмыс орынан анықтама, қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің соммасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хаты кіреді.

2019 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі арқылы бастапқы нарықтан пәтер алғын 21 азаматқа алғашқы жарнасының бір бөлігіне әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде  20,4 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілген (әрбір азаматқа 1 млн.теңгеге дейін; 6  көпбалалы отбасыларға, 9 толық емес отбасыларға, 6 мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға).

2020 жылы- 101 отбасыға алғашқы жарнасының бір бөлігіне әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде 100 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілген (53 көпбалалы отбасыларға, 30 толық емес отбасыларға,18 мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға).

2021 жылға жергілікті бюджеттің есебінен 300 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарлануда.

Ағымдағы жылы «Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі автоматтандырылып,мемлекеттік көрсетілетін қызмет толығымен электрондық форматқа көшірілгендігін айтып өткен жөн.

Бұл қызмет бойынша азаматтардың құжаттарын қабылдау – ақпараттық жүйенің www.kezekte.kz  сайты арқылы жүзеге асырылатын болады.

 

Tags: 3 мегаполиссертификаттартұрғын үйшымкент
Previous Post

Шымкентте биыл «Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасы арқылы тұрғын үй алуға үміткерлер қатары артқан

Next Post

Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 60 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі