basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 6,1 мың гектар жерге дәнді дақылдар егілді

Мамыр 23, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 6,1 мың гектар жерге дәнді дақылдар егілді
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл қаладағы жалпы егістік көлемі 38,8 мың гектар жер болса, соның 29,3 мың гектарына егін егу жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 мың гектарға артық. Соның нәтижесінде биыл жиналатын өнім көлемі 71,7 мың тоннаға жеткізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 12,4 мың тоннаға арттыру жоспарланып отыр. Өткен жылғы есепті кезеңде 59,3 мың тонна болған.

Көктемгі дала жұмыстарына бір мың тонна жанар-жағармай бөлініп, агроқұрылымдарға апарып беруді қосқандағы жеткізу құны литріне 157 теңге болып бекітілді. Бүгінгі күнде тауар өндірушілерден түскен өтінімдеріне сәйкес 25 тонна жанар-жағармай таратылды.Басқарма басшысының орынбасары Әбунасыр Жанбатыров егін шаруашылығын қолдауға мақсатында биыл қомақты қаржы бөлінгенін жеткізді. Атап айтқанда минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына – 122,1 млн. теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға – 5,8 млн теңге, пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға – 600 мың теңге қарастырылды.

Нәтижесінде биылғы жылға жоспарланған 29,3 мың гектар егістік жердің бүгінгі күнде 9,9 мың гектарына егін егілді. Оның ішінде дәнді дақыл – 6,1 мың, майлы дақыл – 1,2 мың, мал азықтық дақылдар – 2 мың, көкөніс пен бақша – 0,5 мың және картоп – 0,1 мың гектарды құрайды.
Бұдан бөлек қазіргі уақытта қосымша өнеркәсіптік үлгідегі 9 гектар жылыжай кешені жобасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олар «Agro Park kz ЖШС мен «IGM Corporation» серіктестіктері.

Tags: 3 мегаполисагроөнеркәсіпАуыл шаруашылығыдәнді дақылдаршымкент
Previous Post

Шымкентте «Бақытты отбасы 2-10-20» тұрғын үй бағдарламасы арқылы 300 отбасы баспанамен қамтылады

Next Post

Шымкент : Ауыл шаруашылығы саласында өсім байқалады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі