Қазақстанда алғаш рет ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде ветеринария қызметі цифрландыруға көшіріледі. Бұл мақсатты сапалы жүзеге асыру үшін әлемге танымал CifrON IT компаниясымен ынтымақтастық келісім-шарты түзілмек. Осы бағытта алғашқы қадамдар жасалды. Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен сала мамандарының жиына өтті. Кездесуде ветеринария саласын цифрландыру, әлемдік озық технологияларды меңгеру, төрт түлікті чиптандыру мәселелері талқыланды.
Мамандардың пікірінше, иновациялық технологияларды енгізу бірқатар мүмкіндіктерге негіз болады. Атап айтар болсақ : автоматтандыру,интеграция, ветеринарлар мен азаматтар арасында тығыз байланыс орнату, қағазбастылықты жою т.б
Шымкент қаласының ветеринарлары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті бекіткен жоспарға сай жүргізілуде. Қалада эпизоотиялық және энзоотиялық ахуал тұрақты. Жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті ауруларға қарсы диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, жоспарға сай тиісті іс-шаралар жүргізілуде.