basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : «Азат» шағын ауданында инфрақұрылым мәселесі шешіледі

Маусым 16, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : «Азат» шағын ауданында инфрақұрылым мәселесі шешіледі
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімінің шалғай елді мекендердегі инфрақұрылым мәселелерін жүйелеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес бүгін Қаратау ауданы әкімі Абзал Әліқұлов  «Азат» шағынауданы тұрғындарымен кездесті. Сонымен бірге кездесуге қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшылығы және қалалық «Nur Otan» партиясы басшылығы да қатысты.

Кездесу барысында Абзал Шымкентбайұлы шағынауданның тұрғындарының өзекті болып отырған инфрақұрылым мәселелеріне,  оның ішінде тасымал және ауыз су, табиғи газ, кәріз жүйесі, сапалы электр жарығымен қамту және жол мен қоғамдық көлік мәселесі бойынша  қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Сондай-ақ, кездесуге келген сала басшылары да «Азат» шағынауданының инфрақұрылым мәселесін жүйелеу мақсатында атқарылып жатқан және алдағы уақытта шешімін оңтайландыру бойынша жоспарланып отырған жобалар мен жұмыстарға кеңінен тоқталып, тұрғындарға түсіндірді.

Айта кетейік, «Азат» шағынауданына  ауыз су жүйелерінің құрылысы бойынша 2020 жылы жергілікті бюджет есебінен қаржы қаралып,  құрылыс жұмыстарын «Сарыағаш-Аман» ЖШС 2020 жылы мамыр айында бастады. Жүйелердің ұзындығы 8,4 км. Қазіргі таңда жұмыстар толық тапсырылды. Бүгінде абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.  Ал табиғи газ жүйелерінің құрылысы бойынша 2020 жылы №КСК-0001/20 санымен сараптама қорытындысы алынды.  Жергілікті бюджет есебінен қаржы қаралып,  құрылыс жұмыстарын «Ынтымақ құрылыс» ЖШС-гі 2020 жылы мамыр айында бастады. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы қыркүйек-қазан айы аяқталады деп жоспарланған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисАбзал Әліқұловинфрақұрылымшымкент
Previous Post

Шымкент : «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2500 адам қысқа мерзімді оқуға жолданады

Next Post

Кәсіпкерлік : Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі