basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Кәсіпкерлік : Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды

Маусым 16, 2021
in Билік
0
Кәсіпкерлік : Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновтің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларының барысы жөнінде жиын өтті.

Басқосуға ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Сержан Сихымбекұлы, «SHYMKENT» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Канкин және кәсіпкерлер қатысты.

Шымкент қаласында жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 106,2 пайызды көрсетті. Бұл көрсеткішпен қала  республика бойынша 11 орында тұр.

Жалпы 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар іске асуда.  Бұл ретте тұрақтандыру қорымен кәсіпкерлік субъектілеріне айналымға қарыз қаражат беріліп, келісім-шарттар түзілді.

Атап айтқанда, ірі сауда желілері – «Грамад» (800 млн.тг) 12 тауар түрі, «Фиркан» (300 млн.тг) 11 тауар  түрі, «Magnum Cash&Carry» (1 млрд.тг) 19 тауар түрімен қамтылды.  Жергілікті тауар өндірушілері – «TURAR» ЖШС (I сұрыпты ұн нан бағасын тұрақтандыру – 505 млн.тг), «Шымкент құс» ЖШС (I санатты жұмыртқа 200 млн.тг), «Hermes» ЖШС (көкөніс өнімдері – 128 млн.тг), «Юпекс» ЖШС (құмшекер – 500 млн.тг), «Момбетчеев» ЖК (күнбағыс майы – 200 млн.тг) және «Қасқасу-С» шаруа қожалығына (сиыр еті – 200 млн.тг) айналым қаражаты берілді .

Бұдан бөлек, қаладағы ірі шаруашылықтар – «Бәйтерек Агро»  ШҚ-на (200 млн. тг), «Керемет-Сапа» ШҚ-на (100 млн.тг) тұрақтандыру қорының айналым механизмі бойынша қарыз қаражатын беру жоспарлануда. Жоспарға сәйкес, аталған кәсіпкерлік нысандармен келісімшарттар түзілген жағдайда ет, көкөніс өнімдері және I сұрыпты ұн сауда желілерінде белгіленген бағада сатылатын болады.

Сонымен бірге, қаланың 4 ауданында,  халық тығыз орналасқан аймақтарда әлеуметтік дүкендерді көптеп ашу көзделген. Қаладағы жергілікті тауар өндірушілерді және шаруа қожалықтарды қолдау мақсатында және азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары аясында апта сайын 4 ауданда («Фосфоршылар» мәдениет үйінің алды, «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағы, «1000 ұсақ-түйек» сауда қатары, «Рахима Плаза» сауда орталығының жаны) азық-түлік жәрмеңкелері өткізіліп жүр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполис«Nur Otan» партиясыкәсіпкерлікМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент : «Азат» шағын ауданында инфрақұрылым мәселесі шешіледі

Next Post

Шымкент : Жастарды жұмыспен қамту мақсатында үш жақты меморандум түзілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі